28 тамыз: ауа райы жауын-шашынсыз

28 тамыз күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.

Ақтөбе, Атырау, Қызылордада, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.