Не болды?
Павлодарда мас күйдегі ер адам дүкен тонап, кейін полицияның қызметтік көлігін айдап кеткен. Салдарынан жол апаты болып, күдіктінің үстінен іс қозғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жергілікті дүкеннің бірінде жасалған ұрлықтан басталды. БАҚ мәліметі бойынша, күдікті «Счастье» дүкенін тонаған. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстағанымен, ол қашып құтылған. Артынша қызметтік автокөлікті де айдап кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күдіктінің соңынан бірнеше патрульдік экипаж қуғынға түскен. Алайда ол алысқа ұзамай, Назарбаев және Казахстанская Правда көшесінің қиылысында жол апатына ұшырады.
Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір ұрлық және қызметтік автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Контекст
Естеріңізге салайық, полицейлер дронның заңсыздықты қалай анықтайтынын түсіндірді.
