Ақмола облысында «Ақ бидай-2017» жазғы спартакиадасы өтіп жатыр

Жарыстың ашылуы салтанатына облыс әкімі Мәлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Бізде денешынықтыру және спортты насихаттауға зор көңіл бөлінуде. Салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы мемлекеттік жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Облыста жыл сайын қазіргі заманғы спорттық нысандар пайдалануға берілуде. Соңғы екі жыл ішінде спорттық нысандардың саны 100-ге артқан», — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қатысушылар спорттың 7 түрі бойынша жарысуда. Атап айтқанда, футбол, волейбол, ерлер мен әйелдер командалары арасында, шахмат, дойбы, үстел теннисі, жеңіл атлетика, отбасылық старттар, т.б.