Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астана — Павлодар тас жолындағы асфальт ыстық күннен бүлініп кетті

Фото: Ерқанат Аманкел

Не болды?

28 маусымда Астана — Павлодар тас жолындағы асфальт ыстық күннен бүлініп кетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметіне қарағанда, Астана – Павлодар тас жолының 413-шақырымында асфальт бүлінгені анықталды. Павлодар облыстық филиалының мамандары жолды қалпына келтіру үшін нысанға уақытша жол белгілерін орнатты. Мамандар жолды жөндеп, асфальтты демонтаждап, қиыршықтас пен асфальтбетон қоспасын төсеп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге уақытша жол белгілеріне мән беріп, жол ережесін сақтау керек екенін ескертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, 180 млрд теңгеге тас жолда қызмет көрсететін 250 станса салынып, 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 

Мақалаға реакция