Елордада Атырау мен Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді

5-6 тамыз аралығында «Қазақстан» спорт сарайы маңындағы тұрақта Атырау мен Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкенің басты ерекшелігі: мұнда сатылатын азық-түліктің бағасы базармен салыстырғанда 10-15% арзан болады.

Сөрелерге 100-ден астам атаулы 670 тонна өнім қойылады. Оның ішінде еттің барлық түрлері — 33 тонна, сүт өнімдері — 90 тонна, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикат ет — 59 тонна, жарма мен макарон өнімдері — 72 тонна, картоп пен көкөністер — 55 тонна, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдер — 70 тонна, ұн — 93 тонна және тағы басқа.