Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

4,8 млн теңге айыппұл. ДСМ пластикалық ота жасайтын медицина мекемелерін тексереді

Фото: ДСМ

Не болды?

Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық ота жасайтын медицина мекемелерін қатаң тексереді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Денсаулық сақтау министрлігі мен бас прокуратура бірлесіп, пластикалық хирургиялық ота жасайтын медицина мекемелерін жоспардан тыс тексереді. Тексеру барысында заң бұзу әрекеті анықталса, заң бойынша жаза қабылданады. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аймақтағы департаменттері 2021 жылдан бері пластикалық хирургия саласындағы медицина ұйымдарын 92 рет жоспардан тыс тексерген. Ал 2024 жылғы тексеру кезінде лицензия талапбын, медициналық қызмет стандартын және медицинадағы құжат қағидасын бұзған мекемелер анықталды. Сонымен қатар кейбір медицина ұйымдар рұқсат құжатсыз қызмет көрсеткен. Заң бұзған тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 24 хаттама толтырып, жалпы 4,8 млн теңге әкімшілік айыппұл төлеген.

Заң бұзу әрекетінің басым бөлігі Алматы, Астана қалаларында және Маңғыстау облысында тіркелді. Тексеру қорытындысы бойынша іс құқық қорғау органдарына жолданды.

***

Тағы оқыңыз:

«Әйелдер қартаюдан қорқады». Пластикалық хирург пластикалық отаның қыр-сырымен бөлісті

 

Мақалаға реакция