23 тамыз: Күн ашық болады

Бүгін республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік шығыс пен шығыста өткінші жаңбыр жауады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 м\с, екпіні 23-28 метрге дейін жетіп, соңы шаңды дауылға ұласады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында да жел күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таң ата тұман түсуі ықтимал.

Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде және Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.