Астанадағы «Мамандықтар қаласына» екі жастан асқан балалар жұмысқа қабылданады

19 тамыз күні Астананың «Арай» саябағында «Мамандықтар қаласы» атты шара өтеді.

«Бұл жоба Украинада 4 жыл өткізілген. «Мамандықтар қаласында» 2-18 жас аралығындағы балалар құтқарушы, өрт сөндіруші, кинолог, дәрігер, банкир, диджей, актер, модель, аспаз секілді жүзден астам мамандықпен танысады және нағыз мамандардың жетекшілігімен шеберлік-сабақтарын алады. Бұл — балалардың шығармашылық әлеуетін ашатын тамаша мүмкіндік. Астананың барлық кішкентай тұрғындарын қызықты жобаға қатысуға шақырамыз», — деді Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Аталған жобаның авторы — Татьяна Люлька. Татьяна «Мамандықтар қаласы» баланың өмірлік мамандығын адаспай табуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Украинада жоғары білімі бар адамдардың 52 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. 2014 жылы мен жай ғана қайырымдылық қорын емес, «Мамандықтар қаласы» атты әлеуметтік жоба аштым. Мұнда балаларға қоғамның моделін көрсеткім келді. Біздің қалашықта балаларға куәлік беріледі, ересек өмірде куәліксіз жұмыс істеу мүмкін емес. Бұл куәлік еңбек кітапшасының да рөлін атқарады. Балалар жұмысқа орналасудың қағидаларын түсінуі керек. Еңбекақысыз да жұмыс болмайды, сондықтан әрбір жұмысы үшін балаларға жүз теңгеден «жалақы» төленеді. Жиналған шартты «теңгелерге» балалар қала аумағындағы дүкенінен тәттілер мен балмұздақтар сатып алады. Осылайша, балалар өзінің қай салаға бейім екенін бағамдай алады және еңбек етудің маңыздылығын түсінеді», — дейді Т.Люлька.

«Мамандықтар қаласына» кіру тегін. Оған 2-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Өткен жылы Украинаның 25 қаласында «Мамандықтар қаласы» жобасына 326 675 бала қатысқан.

ДереккөзInform.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да