Не болды?
Маңғыстау облысындағы екі жекеменшік аурухананың басшылары МӘМС ( әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының) қаражатын жымқырған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысындағы департаменті МӘМС қаражатын жымқыру бойынша екі жекеменшік аурухананың басшылығына қатысты тексеру жүргізді. Тергеу мәліметі бойынша, «ИБН СИНА» және «SOFIE MED GROUP» деген орталықтың лауазымды тұлғалары медицина қызметін кодтау кезінде науқастардың диагнозын қате бекіткен.
Ерлердің «варикоцеле» деген диагнозын бұрмалап, әйелдерге қойлатын «кіші жамбас пен жатыр артериялары тамырының эндоваскулярлық эмболизациясы» деп көрсеткен.
Нәтижесінде 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медицина қызметін рәсімдеп, емдеу құнын 10 есеге дейін көтерген. Сонымен қатар кейбір науқастар бұл ауруханаға келмегенін айтты, — делінген хабарламада.
Жалпы шығын көлемі — 221 млн теңгеден асты. Қазір тергеу ісі болып жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында өткен мерекелік іс-шарадар кейін 100-ден аса адам уланып, ауруханаға түскен.
