Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жауын-шашын, аптап ыстық, өрт қаупі. Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Фото: Алматы әкімдігі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қызылорда облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 30 маусымда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау, Қостанай, Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады.

Абай облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады. Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сакталады.

Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады. Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сакталады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 30 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодар қ.: 30 маусымда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 30 маусымда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 30 маусымда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Астанада 30 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Мақалаға реакция