Астанада «АгроИнвест-2017» форумы өтеді

Еуропалық инвестициялық банк еліміздегі агро-өнеркәсіп саласына 100 млн еуро салады. «ҚазАгро» холдингімен жүргізген келіссөздің нәтижесінде осындай шешім қабылданды.

Аталмыш форумға Түркия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Польша, Испания елдерінен 120 компания қатысады. Шараның мақсаты – отандық кәсіпорындардың жаңа инвесторлармен жолығып, келіссөздер жасауына жол ашу.

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлованың айтуынша, биыл диһандарымыз 17-18 млн тонна дәнді дақыл оруы мүмкін.

«Қамбамыз лық толмаса да, сапасы жоғары сұрыпты. Бұл көлем — ішкі және сыртқы сұранысты қамти алады», — дейді Гүлназ Атамқұлова.

Айта кетейік, осы кезге дейін ТМД аумағымен қатар Үндістан мен Қытай елдеріне құс еті экспортталуда. Нәтижесінде, жылдық көлемі 20 мың тоннаға жетіп отыр.