Имамдардың жалақысы садақа жәшіктеріндегі табысқа байланысты — Министр

«Еліміздегі имамдардың жалақысы садақа жәшіктеріндегі табыс көлеміне тікелей байланысты. Мысалы, қалалық және облыстық мешіттердегі имамдардың жалақысы 70-80 мың, ал аудандық мешітердегі имамдардыкі 40-50 мың шамасында. Ауылдық жерлердегі имамдар 20-30 мың теңге жалақы алады», — деді Нұрлан Ермекбаев.

Министр ҚМДБ имамдар мен мешіт қызметкерлеріне арнайы еңбекақы төлемейтінін айтады. Әкімдіктер өңірлік бөлімшелерге жағдайына қарай қосымша ақша бөліп отырады екен.

«Жалақысы тұрақсыз болғандықтан, имамдар қоғамдағы мәселелерді толыққанды шеше алмай отыр. Ауыл мешіттерінде білікті имамдаржетіспейді. Оларды жұмысқа тарту қиын шаруы», – деп түсіндірді министр.

ДереккөзBaq.kz