2 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында және солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, екпіні 25 м/с дейін күшейіп, дауыл соғуы мүмкін.

Қызылорда, Ақмола облыстарында 15-20 м/с жел күшейеді. Бұршақ ұрып, дауыл тұруы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында да бұршақ жауып, дауыл көтеріледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз жекелеген аудандарда дауыл соғып, түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Карағанды облыстарында желдің күші 15-23 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күшейеді.

Күндіз Атырау, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Кызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.