Ақмолада ең ірі күн электр стансасы салынбақ

Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылындағы күн энергиясынан қуат алатын стансаның құрылыс жұмыстарын инвестор әрі тапсыр беруші «KBEnterprises» компаниясы қолға алып отыр. Қазіргі кезде компания қуаты 100 МВт күн электр стансасы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңіне кірісуде.

Жобаның құны 165 миллион евроны құрайды. Құрылыс алаңы 300 гектар. Инженерлік мердігер ұйым ретінде халықаралық холдингі SUMEC CLEAN ENERGY INTERNATIONALCO.LTD танылған. Құрылыс жұмыстары АВВ еуропалық концернімен бірлесіп жүргізілмек.