Атырауда үш күннің ішінде 6 мың гектар жайылым өртеніп кетті

«Қызылқоға ауданының 3,5 мың гектар жері мен Индер ауданының 2,5 мың гектар жайылымдық жері өртеніп кетті. Индер ауданындағы өртті ауыздықтауға 45 адам және 13 техника көмекке келді. Ал Қызылқоға ауданындағы тілсіз жауды 4 техниканың көмегімен 15 адам сөндірді», — деп хабарлады облыстық Төтенше Жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Дала өрті жексенбі күні кешке толық ауыздықталды. Алайда, тілсіз жаудың жаңа ошақтарының шығу қаупі әлі де бар.

ДереккөзInform.kz