Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Тоқаев: енді Конституция күні мен «Наурызнама» онкүндігін қатар атап өтеміз

Фото: Ақорда

Не болды?

Енді Конституция күні мен «Наурызнама» онкүндігін қатар атап өтеміз. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін күшіне енген жаңа Конституция жайлы үндеуіне қарағанда, бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Ол мұның символдық мәні зор екенін жеткізді.

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі. Біз нағыз халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, республикалық референдумның дауыс беру қорытындысы бойынша, жаңа Конституцияны қабылдауды қолдағандар саны 7 млн 954 мың 666 адам немесе қатысушылардың 87,15%-ы. Ал 898 099 азамат ұсынылған өзгерістерге қарсы дауыс берген. 

Мақалаға реакция