Қостанай қаласында жолақы қымбаттады

Енді қоғамдық көлікпен қатынау құны 60 теңгеден 80 теңгеге көтерілді. Ал қала шетіне және саяжайларға баратын қоғамдық көліктердегі жолақы құны «әрбір шақырымға — 5 теңге» тарифі бойынша белгіленеді.

7 жасқа дейінгі балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, 1 және 2 топтағы көзі нашар көретін мүгедектер үшін жол ақысы тегін.

7-15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік сақталады. Зейнеткерлер барлық бағыт бойынша белгіленген тарифтен 10 теңге аз төлейтін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавл мен Павлодар қалаларындағы жолақы бағасы көтерілген еді.

ДереккөзInform.kz