Қыркүйектен бастап Алматыдағы екі көше бір бағытты қозғалысқа ауыстырылады

Алматыдағы жол қозғалысын ұйымдастыру шараларының аясында Шевченко және Құрманғазы көшелеріндегі қозғалыс бір бағытты болады.

Шевченко көшесінің Достық даңғылынан бастап Жароков көшесіне дейінгі аралығындағы трамвай жолдарын алу жұмыстарынан соң, қозғалыс тек батыс бағытқа қарай жүретін болады. Көшенің Қонаев пен Жароков көшелерінің аралығындағы бойынан екі бағытты веложолақ салынады.

Құрманғазы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталған соң, көліктер аталған көшемен тек шығыс бағытқа қарай ғана қозғала алатын болады.

Жол қозғалыстарының өзгеруіне қаладағы жол-көлік апаттарының санын азайту және Абай көшесіндегі кептелісті 15 процентке қысқартуға бағытталған.

Осы көшелер арқылы жүретін №112 автобус Жароков көшесінен бастап, Абай даңғылы мен Мұқанов көшесі арқылы Құрманғазы көшесіне шығатын болады.