Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астанада «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

Фото: Baribar.kz
2026 жылғы 30 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «Заңды күлкі» «Жайдарман» жобасының дәстүрлі республикалық КВН ойыны өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіліп, қоғамның құқық және қаржы сауатын арттыруға, заң үстемдігін дәріптеуге және қаржы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Биылғы ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жайдарманшылар мен көрермендерді қоса алғанда 1200-ге жуық адам қатысты.

Жайдарман
Фото: Baribar.kz

Ойын барысында командалар әзіл мен сатира арқылы интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, заң талаптарын сақтау, жауапты қаржы мінез-құлық және азаматтардың қырағылығын арттыру тақырыптарын көтерді.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтардың құқық және қаржы сауаттылығын арттыруға, қаржыға байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ағарту жобаларын қолдауды жалғастырады.

Жайдарман
Фото: Baribar.kz

Мақалаға реакция