Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалды

Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалды. Ақорда сайтында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы туралы жарлығы жарияланды.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын, — делінген жарлықта.

Нұрлан Ноғаевтың орнына Президенттің жарлығымен Атырау облысының әкімі болып Махамбет Досмұхамбетов тағайындалды.

Нұрлан Ноғаев 1967 жылы Қандыағашта туған. Ол 2006 жылы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаментін басқарды. 2007-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болып қызмет етті. 2016 жылдың 26 наурызынан бері Атырау облысының әкімі болды.

Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы туған. Ол бұған дейін Энергетика министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрі болған Қанат Бозымбаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалған еді. Президенттің көмекшісі қызметін атқарған Мәулен Әшімбаев Дархан Кәлетаевтың орнына Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.