Басты бет / Жаңалықтар /
кепкен жеміс, базар, азық-түлік, сауда, көк базар
Фото: Ерқанат Аманкел

Маусымда қандай тауарлар арзандады? Статистика

Қазақстанда 2026 жылғы маусым айында инфляция 0,8% болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейбір азық-түлік өнімдері маусымдық түрде арзандағанымен, бағаның жалпы өсуіне ақылы қызметтер мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар көбірек әсер еткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, маусым айында бірқатар көкөніс пен азық-түлік бағасы төмендеген.

Ең көп арзандаған өнімдер:

  • тәтті бұрыш – 12,6%;
  • қызылша – 7,8%;
  • жұмыртқа – 3,8%;
  • банан – 3,3%;
  • баялды – 1,7%;
  • қара шай – 1,1%;
  • бидай жармасы мен алма – 0,8%;
  • шоколад пастасы – 0,3%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында да бірқатар өнімнің бағасы төмендеді. Атап айтқанда, шаңсорғыш 7,2%-ға, үтік 5,4%-ға, медициналық бетперде 4,1%-ға, электр шәйнек 2,9%-ға, модемдер мен роутерлер 1,5%-ға, ноутбуктер 1,2%-ға, парацетамол 0,8%-ға және қолға арналған крем 0,6%-ға арзандаған.

Ақылы қызметтер арасында ыстық су тарифі 3,7%-ға, суық су тарифі 3,2%-ға төмендеген.

Сонымен қатар статистика бюросы кейбір азық-түлік тауарларының маусымдық арзандауына қарамастан, маусым айындағы инфляцияның жалпы көрсеткішіне ақылы қызметтер мен азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жекелеген түрлеріндегі баға өзгерістері көбірек ықпал еткенін атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook