«Қазгидромет» РМК синоптиктері шілде айына құрғақшылық болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Шілде айында ауа температурасы жоғарлаған сайын құрғақ құбылыстарға бейім аудандардың ұлғаю ықтималдығы сақталады, жауын-шашын көбінесе жергілікті және қысқа мерзімді болады.
Алдын ала болжамға сәйкес 2026 жылдың шілдесінде бірқалыпты құрғақшылық жағдайлар күтіледі:
Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Куршим, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында және Шемонаиха мен Өскемен қаласы маңайларында;
Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы және Жаңасемей аудандарында;
Алматы облысының Балхаш және Жамбыл аудандарында;
Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
Жамбыл облысының Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Бірқалыпты ылғалдылық болжанады:
Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
Ақтөбе облысының Мартук, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтілуде.
