Apple компаниясы 2026 жылдың күзінде ең ауқымды таныстырылымдардың біріне дайындалып жатыр. Сарапшылардың мәліметінше, компания осы күзде 15-тен астам жаңа құрылғысын таныстыруы мүмкін.
Олардың қатарында көптен бері айтылып жүрген жиналмалы iPhone Ultra, жаңа Mac компьютерлері, iPad планшеттері және ақылды үйге арналған құрылғылар бар.
iPhone желісінде не өзгермек?
Биылғы басты жаңалық – жаңа смартфондар. Мәліметтерге сәйкес, Apple күзде:
- iPhone 18 Pro;
- iPhone 18 Pro Max;
- алғаш рет жиналмалы смартфон – iPhone Ultra моделін таныстыруы мүмкін.
Ал негізгі iPhone 18 моделі 2027 жылдың басында ғана шығуы ықтимал. Бұл ақпарат расталса, Apple алғаш рет негізгі iPhone моделінің таныстырылымын кейінге қалдырмақ.
Apple Watch
Жаңа смартфондармен бірге компания:
- Apple Watch Series 12;
- Apple Watch Ultra 4
смарт-сағаттарын да таныстыруы мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, Apple Watch Ultra 4 жаңартылған дизайнмен қатар денсаулық көрсеткіштерін бақылайтын жаңа сенсорлармен жабдықталады.
Mac компьютерлеріндегі жаңалық
Apple кейінгі айларда бірнеше Mac құрылғысын таныстырған еді. Ал күзде компания компьютерлер желісін тағы кеңейтуді жоспарлап отыр.
Жоспарланған жаңа құрылғылар:
- Mac mini M5;
- Mac Studio M5;
- iMac M5;
- MacBook Pro M6;
- MacBook Ultra.
Инсайдерлердің мәліметінше, MacBook Ultra алғаш рет сенсор экранмен жабдықталуы мүмкін.
iPad-тың жаңа модельдерін де ұсынылады
Биыл iPad Air жаңартылғаннан кейін Apple тағы екі планшетін таныстыруы мүмкін.
Олар:
- OLED дисплейі бар iPad mini;
- жаңартылған iPad.
Бұл құрылғылар экран сапасы мен өнімділігі жағынан алдыңғы модельден ерекшеленеді деп жоспарланып отыр.
Apple ақылды үй құрылғыларын дайындап жатыр
Кейінгі жылдары Apple ақылды үй құрылғыларын дайындап жатқаны айтылып келеді.
Биыл күзде компания жасанды интеллектімен жаңартылған Siri көмекшісін толық іске қосуды жоспарлап отыр. Соған орай, бірнеше жаңа құрылғы таныстырылуы мүмкін:
- Apple TV 4K;
- 7 дюйм сенсор экраны бар HomePod Touch;
- HomePod 3;
- HomePod mini 2;
- Apple Security Camera;
- ақылды бейнеқоңырау (видеодомофон).
Бұл – Apple-дің бірыңғай экожүйесінде бірге жұмыс істеуге арналған құрылғылар.
Бұл ақпарат ресми расталған ба?
Apple әзірге күзгі таныстырылымның нақты күнін де, жаңа құрылғылар тізімін де ресми жариялаған жоқ. Жоғарыдағы мәліметтер өндіріс тізбегінен тараған ақпараттар мен сала сарапшыларының болжамына негізделген.
Дегенмен бұл ақпарат расталса, 2026 жылғы күздегі таныстырылым Apple тарихындағы ең ауқымды өнім таныстырылымдарының бірі болуы мүмкін.
