Басты бет / Жаңалықтар /
балықшы, балық аулау
Фото: depositphotos.com

Алматы облысында із-түзсіз кеткен 3 балықшы табылды

Алматы облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен үш балықшы аман-есен табылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, олар Асы шатқалы жағынан өз көліктерімен өздігінен шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ер адамдар 1 шілде күні Бартоғай – Асы үстірті – Түрген бағыты бойынша жолға шыққан.

Алайда олар белгіленген уақытта үйлеріне оралмаған және байланысқа шықпаған. Осыдан кейін жоғалғандардың бірінің жұбайы «112» қызметіне хабарласып, іздестіру-құтқару операциясы басталған. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, кинологиялық есеп және аумақты әуеден барлау үшін дрон жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде үш ер адам Асы шатқалы жағынан өз көліктерімен өздігінен шыққан, — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға таулы және шалғай аймақтарға барар алдында қауіпсіздік талаптарын сақтап, жақындарына бағыты туралы алдын ала хабарлап, байланыс құралдарын толық қуаттап алып шығуға кеңес берді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook