Биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9% болды. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.
2023 жылы республикалық бюджет түсімдері 37% артады. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында елдің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы жайында баяндаған ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
Былтыр әлеуметтік және басқа да міндеттемелер толық көлемде орындалды. Бұл туралы 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.