Қазақстан экономикасы қаңтар-наурыз айларында 4,9%-ке өсті

Биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9% болды. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл қабылданған шаралар экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мәселен, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,9% болды. Барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика қалыптасып отыр, — деді Әлихан Смайылов.

Құрылыста – 16%, саудада – 12%, көлік саласында – 8%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,4% өсім тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі үш айда 16%-ке, ал мемлекеттік бюджет кірісі 24%-ке артты.

Бұл биылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға қосымша 2,2 триллион теңге бөлуге мүмкіндік берді, — деді үкімет басшысы.