Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда LRT құрылысы басталып, бірқатар көшеде қозғалыс шектелді

Фото: Аlmaty-lrt.kz

Не болды?

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысы басталып, қаладағы негізгі көшеyің бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қала әкімдігінің мәліметінше, құрылыс Бауыржан Момышұлы көшесінің Мөңке би мен Төле би көшесіне дейінгі қиылыста жүреді. Осыған байланысты бұл аумақтағы жолдың ортаңғы екі жолағы уақытша жабылады.

Құрылыс кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді. Сонымен қатар бұл жолақпен жүрген көліктерді бейнебақылау камерасы тіркемейді.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерге жол бағытын жоспарлап, белгіленген көшелерде көлік қозғалысының қиындауы мүмкін екенін ескеру ұсынылды.

LRT жобасының алғашқы бағыты Бауыржан Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – «Алматы-2» теміржол вокзалын қамтиды. Ал депо Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады.

Жобаның бірінші салынатын бағытының ұзындығы 18,3 шақырым.

Контекст

Естеріңізге салайық, LRT желісі мен SkyTrain жүйесі Алматының инфрақұрылымын дамыту мақсатында салынады.

Мақалаға реакция