Ұлттық банк жалпы ішкі өнім туралы болжамды жаңартты

Жаңартылған базалық сценарий бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуі 2021 жылдың соңына қарай 3,7-4,0% деңгейінде сақталады. Негізгі салым ішкі сұраныс пен экспорт тарапынан күтіледі. Үй шаруашылықтарын тұтыну халықтың өсіп келе жатқан кірісі және тұтынушылық кредиттерді берудің Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар экономиканың өсуіне қосымша әсер етеді. Бұл ретте ішкі сұраныстың өсуі аясында импорт жалпы ішкі өнімнің барынша жылдам өсуін тежейді. Тек мемлекеттің еңбекақы төлеуге және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарының баяулауы мемлекеттік басқару органдарының тұтыну қарқынын төмендетеді, — деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Ұлттық банк келер жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі бұған дейінгі болжамнан төмен болу мүмкін екенін мәлімдеді.

2022 жылы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны шамалы төмендеу жағына қайта қаралып, 3,9-4,2% деңгейінде болуы мүмкін. Қайта қарау Қазақстанның сауда бойынша әріптес елдерінде экономикалық белсенділіктің қалыпты өсуіне, жаһандық және жергілікті жеткізу тізбектеріндегі іркілістердің Қазақстан экономикасына барынша теріс әсеріне байланысты, — деп жазады ұлттық банк сарапшылары.