Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада Черногория өкілдігі ашылады

Фото: Akorda.kz

Не болды?

Қазақстан мен Черногория арасындағы дипломатия байланысы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін. Астанада өткен келіссөз барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Черногорияның өкілдігін ашудың маңызын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Кейінгі жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынас тұрақты түрде дамып келеді. Қазақстан мен Черногория жоғары деңгейдегі саяси байланысты сақтап, қос елдің сыртқы істер министрлігі арасында тұрақты жиындар өтіп тұрады.

Подгорица қаласында Қазақстанның Бас консулдығының ашылуы екіжақты байланысты одан әрі нығайтты. Осыған байланысты болашақта Астанада Черногорияның дипломатия өкілдігін ашуды құптаймыз. Бұл серіктестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Черногория Ұлттық кітапханасы жанынан қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайдың 180 жылдығына орай Абай орталығының ашылғанына алғыс айтты.

Бұдан бөлек, президент екі ел арасындағы туризм байланысының дамуына да тоқталды.

Қазақстан азаматтары сіздердің әсем елге барып, жақсы әсерде оралып жатыр. Мұндай достыққа негізделген байланысты алда да қолдау қажет деп санаймын. Азаматтарымыздың Черногорияға барып, оның табиғи көркін тамашалап, елдің даму жетістігімен танысуға деген қызығушылығын көріп қуандық, – дейді президент.

Қазақстанның Подгорицадағы Бас консулдығы 2021 жылдың шілде айында ашылған.

Контекст

Естеріңізге салайық, президент Черногория компанияларын Қазақстанмен жұмыс істеуге шақырды.

Мақалаға реакция