Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,7%-ке өсті

Биыл Қазақстан экономикасы 4,7%-ке өсті. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. 

Биыл қантар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,7% болды. Оның ішінде нақты сектор – 3,7%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 5,1%-ке өсті. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс, сауда, сонымен қатар ақпарат және байланыс көрсетті, — деді Әлібек Қуантыров.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,1%. Инвестиция ағыны көлік және қоймалауда – 59,4%-ке, саудада – 37,5%-ке, білім беруде – 23,7%-ке, ауыл шаруашылығында – 12,9%-ке, сонымен қатар өнеркәсіпте – 8,2%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 4,3%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында байқалды.

Министрдің айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда тауар айналымы 4,2%-ке өсіп, 91,1 миллиард доллар болды. Экспорт 51,2 миллиард доллар болып, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 16,2 миллиард долларға жетті. Тауарлар импорты 39,8 миллиард доллар болды.

Жалпы, оң сауда балансы 11,4 миллиард долларға тең.