Биылғы жарты жылдықта еліміздің ішкі өнімі 4,2%-ға өсті — Тимур Сүлейменов.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, экономиканың өсімінің негізін өнеркәсіп (7,8%), құрылыс (5,9%), ауыл шаруашылығы (3,1%), көлік және қоймалау (3,9%), сауда (2,4%) салалары  құраған.

«Мұнай бағасының маусым айында барреліне 46,9 долларға дейін құлдырауына қарамастан өзінің тұрақтылығын сақтайды. Биылғы жылғы алты айдың қорытындысы бойынша ол барреліне 52,2 доллар деңгейінде қалыптасты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 есе жоғары. Барлық негізгі металдарға бағаның өсуі байқалады», — деді министр үкімет отырысында.

Дереккөзazh.kz