Жемқорлықтың кесірінен жалпы ішкі өнім көлемі 50%-ға азайған

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 17-бабын іске асыру шеңберінде ұлттық баяндама дайындады.

«Сарапшылардың бағалауынша, жемқорлықтың 1%-ға азаюы ЖІӨ-нің 1-1,5%-ға артуына ықпал етеді, ал ЖТИ-дің (жемқорлықты түйсіну индексі) 2,4 баллға жақсаруы ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 0,5%-ға арттыруға себеп болады. Осыған байланысты, қазақстандықтардың соңғы 5 жылдағы әл-ауқаты деңгейінің көрсеткіштер динамикасы зерттеліп, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімі 37%-ға, төменгі күнкөріс деңгейінің 22%-ға, жан басына шаққандағы орташа табыстың 46%-ға артқанын көрсетті. Бүгінгі таңда бүкіл әлем сыбайлас жемқорлықтың халықтың әл-ауқаты деңгейіне тигізетін ықпалын бағалау кезінде сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың Джини және Индекс коэффиценттерінің көрсеткіштерін негізге алады. Соңғы жылдары аталған есептердегі Қазақстанның орны өзгеріссіз қалып отыр деуге болады. Алайда, инфляцияны ескере отырып, азаматтардың нақты кірістерінің аздап өскені туралы тұжырым жасауға болады», – делінген баяндамада.

Құжаттағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда ең көп тараған жемқорлық қылмысының түрі парақорлық болып табылады, екінші орында – жымқыру, үшінші орында – қызметтік лауазымды асыра пайдалану, төртіншіде – қызметтік жалғандық.

ДереккөзNaryk.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да