Биыл сәуірде теңге бағамы 1,1%-ке, яғни 1 АҚШ доллары үшін 442,05 теңгеге дейін нығайды. Осы орайда сарапшылар теңге-доллар жұбындағы мұндай өзгерістің неге байланысты екендігін айтты.
Парламент мәжілісі ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдап, сенатқа жолдады. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан іске қосылады.