Не болды?
Қазақстанда алғаш рет «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында жасанды интеллект саласының мамандарына шетелдік тағылымдама тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл конкурс қорытындысы бойынша 184 азамат «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Байқауға қатысушылар арасында бәсеке жоғары болып, бір орынға орта есеппен алты үміткерден келген.
Стипендия жеңіп алғандардың 137-сі магистратура бағдарламалары бойынша білім алады. Сонымен қатар 10 адам докторантураға түссе, тағы 37 қатысушы шетелдік жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу орталығында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Бұдан бөлек 51 азамат әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарында ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін грантқа ие болды.
Сонымен қатар бағдарламаға қатысу талабына өзгеріс еніп, шығармашылық бағыттағы жастар үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылды. Енді халықаралық олимпиада мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен қатар, халықаралық шығармашылық байқауларда жүлде алған үміткерлер де «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады.
Контекст
«Болашақ» бағдарламасының жаңа ережесін мына сілтемеден оқуға болады.
