Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Еліміздің 3 қаласынан Бакуге рейс ашылады

Фото: Reuters.com

Не болды?

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы кеңейді. Енді Шымкент, Ақтөбе және Атыраудан Бакуге тікелей рейс ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің мәліметнінше, 16 маусымнан бастап Әзербайжанның AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша алғашқы рейсті іске қосты. Ұшақтар аптасына үш рет қатынайды. Екі ел арасындағы тұрақты рейс саны аптасына 33-ке жетті.

Алдакомпания  Қазақстанның батыс өңірінен де жаңа бағытты іске қосуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Ақтөбе – Баку бағыты бойынша аптасына үш рейс, ал Атырау – Баку бағыты бойынша аптасына төрт рейс орындалады.

Жаңа әуе бағыты туристерді бір нүктеден екінші нүктеге жеткізіп қана қоймай, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы іскерлік және экономикалық байланысты дамытуға да ықпал етеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматы мен Дубай арасында жүк тасымалдайтын рейс іске қосылды.

Мақалаға реакция