Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақтөбеде көлік өртеніп, үш адам қаза болды

Фото: Рolese.by

Не болды?

Ақтөбеде автогаз құю бекеті аумағында болған өрттен үш адам қаза тауып, бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ақтөбе облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 22:55-те 112 қызметіне автогаз құю бекетінде жеңіл көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды сегіз минут ішінде ауыздықтады.

Өрт толық сөнгеннен кейін көлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар.

Оқиға кезінде зардап шеккен 1972 жылы туған ер адам көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастың денесінің көп бөлігін күйік шалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ер адам есін біледі және өздігінен тыныс алады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Актобе / Aktobe (@aktobe_zello)

Әлеужеліде тараған бейнежазбада өрт басталған сәтте көліктің жанында көмек сұраған ер адамның болғаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көліктің жүргізушісі болуы мүмкін.

Қазір құқық қорғау органдары мен тергеушілер қайғылы оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Ұлытау облысында қонақүйден өрт шықты.

Мақалаға реакция