Президент ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу туралы бастама көтерген болатын.