Не болды?
Иранда хиджабсыз ән айтқан әнші мен шығармашылық ұжымы қатаң жазаға тартылды. Сот шешімі бойынша әнші және оның командасының сегіз мүшесі 74 рет дүре соғу жазасына кесілген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
The Guardian басылымының хабарлауынша, оқиға әншінің YouTube платформасында жарияланған концерттік бейнебаянынан кейін өрбіді. Бейнежазбада 29 жастағы Парасту Ахмади хиджабсыз сахнаға шығып, патриоттық мазмұндағы «Az Khoone Javanane Vatan» («Отан жастарының қанынан») әнін орындаған. Видео әлеужеліде кең тарап, қоғам назарын аударған.
Бейне жарияланғаннан кейін әнші мен музыканттар уақытша ұсталғанымен, көп ұзамай босатылған. Кейінірек оларға қатысты ресми қылмыстық іс қозғалды.
Кум провинциясының қылмыстық соты қоғамдық мораль нормасы бұзылды деп таныды. Сот үкіміне сәйкес, олар 74 рет дүре соғу жазасымен қатар екі жылға елден шығу құқығынан айырылып, шығармашылық қызметпен айналысуға да шектеу алды.
Айыптау материалында әртістердің интернетте «әдепсіз және орынсыз контент жариялау арқылы қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіргені» көрсетілген.
Контекст
Естеріңізге салайық, мамыр айында Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді.
