Ұлттық қор табысы балалардың есепшотына доллармен аударылады

Үш мың доллар — ол орташа есеппен айтылған қаражат. Осы мәселеде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтқан мәліметке сілтеме жасап отырсыздар. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш қосымша есептеліп жатыр, — деді Қуантыров үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бөлінетін қаражат сомасы 2024 жылы баланың жасына қарай есептеледі.

Бұл жүйе 2024 жылдан іске қосылады. Осы кезде аталған жүйеде бала бір немесе екі жыл ғана (18 жасқа толғанда) болуы мүмкін. Бұл тұрғыда есепшотқа аударылатын қаражат сомасы да аз болады, — деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы қаражат доллармен есептелетінін нақтылады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы өз жолдауында ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды.