Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.
Тұңғыш Президенттің айтуынша, кезінде әлем сарапшылары Орталық Азия мен Қазақстан этника мен діни сенім өзгешелігі жөнінен қақтығыстарға ұшырайды деп болжаған.
Тұңғыш Президент Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарына келесі жылы аталып өтетін 25 жылдық мерейтойға әзірлікті уақытында бастауды тапсырды.