Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақтауда би кешінде тегін гүл таратқан кәсіпкерге айыппұл салынуы мүмкін

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ақтауда тұрғындарға тегін гүл таратқан кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Lada басылымының мәліметінше, оқиға 13 маусым күні қалада өткен би кеші кезінде болған. Жергілікті кәсіпкер әкімдіктің рұқсатынсыз іс-шараға қатысушыларға тегін гүл таратқан. Соның салдарынан жиналған жұрт гүлдерді таласа алып, адамдардың бір-бірін таптай жаздаған сәті әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған жағдайдан кейін ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары кәсіпкермен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Аталған деректен кейін ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, кәсіпкерге түсіндіру жүргізді. Нәтижесінде тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Енді оған 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, – делінген хабарламада.

За бесплатную раздачу цветов в Актау предпринимателю выписали штраф

Ақтау әкімдігі қоғамдық орындарда өткізілетін кез келген жарнамалық акциялар, сонымен қатар гүл, азық-түлік, киім-кешек және басқа да тауарларды тегін тарату шаралары уәкілетті мемлекеттік органдармен алдын ала келісіліп ұйымдастырылуы қажет екенін ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай талаптар сақталмаған жағдайда ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мақалаға реакция