Президент пен Жансейіт Түймебаев дүнгендер мәселесін талқылады

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жансейіт Түймебаев Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін құрылған Үкімет комиссиясының Масанчи, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдар тұрғындарымен өткізген кездесуінің нәтижесі туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Кездесу барысында Жамбыл облысындағы дүнген қауымының жергілікті қазақ азаматтарымен араласуына, олардың қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді, — делінген хабарламада.