Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан халқы деструктив болжамдарды жоққа шығарды

Қазақстан халқы бірлігінің арқасында 30 жыл бұрынғы халықаралық сарапшылардың деструктив болжамдарының бәрін жоққа шығарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы, ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

30 жыл бұрын ғана халықаралық сарапшылар Орталық Азия мен біздің Қазақстанның да жаңа қақтығыс ошағына айналатынын болжаған еді. Олар біздің өңірде қантөгістер мен күрестер жүріп жатады деп ойлады. Олар этника және діни сенім бойынша өзгешелікті алға тартты. Өңірдегі мемлекеттердің болашағы жоқ әрі тарих табанында қалады деп сенімді түрде болжам жасады. Бірақ тәуелсіздік жылдары біз — Қазақстан халқы бұл деструктив болжамдардың бәрін жоққа шығардық, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстан халқы экономикасы мығым мемлекет құра алғанын еске салды.

Біз бірліктің, ішкі саясаттағы прагматикалық бағыттың арқасында тарихтың барлық қақпанын айналып өттік, жоғары халықаралық дәрежеге ие болдық. Ішкі саяси істерді құрып жатқан біздің модель, біздің елдегі ұлтаралық қарым-қатынас уақыттың өзімен сыналып, бүгінгі таңда басқаларға үлгі болып келеді, — деді Елбасы.

Нұр-Сұлтанда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұйымның XXVII сессиясы өтті. Бейбітшілік және келісім сарайына 1500-ден астам адам жиналды. Нұрсұлтан Назарбаев сессия басталмас бұрын Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының екі орынбасары тағайындалғанын хабарлады.

Ассамблея кеңесінің ұсынысымен төрағаның орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен өзбектердің «Дустлик» республикалық қауымдастығының сарапшысы Шерзод Пулатов тағайындалды. Сессия үлкен концертпен аяқталады, онда ірі шығармашылық ұжымдары және Данэлия Төлешова мен Ресейдегі «Голос. Дети» байқауының финалисі Ержан Максим өнер көрсетеді.

ДереккөзInform.kz