Колледж бітірген түлектер ЖОО-ға түсу үшін тапсыратын кешенді тестілеудің талаптарына да өзгеріс енгізілді. Бұған дейін тестте мектеп білімі тексерілсе, енді түлектің колледжде алған білім ескеріледі.
ҚР Білім және Ғылым министрлігі ҰБТ-ның жаңа форматын бекітті. 2017 жылдан бастап түлектер мектеп бітіргені туралы аттестат пен «Алтын белгі» алу үшін өз мектептерінде емтихан тапсырып, ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырады.