ҰБТ-2017: Ең төменгі өту балы — 50

2017 жылғы ҰБТ-да барлығы 120 сұрақ болады. Барлық бес пәннің де жиналған балы есептеледі. Ең жоғарғы бал — 140. Алайда ең төменгі өту балы бұрынғыша — 50 бал. Түлектің оқуға тапсырарда төрт жоғарғы оқу орнын таңдау мүмкіндігі де сол күйі қалдырылды.

Өткізілетін орны: тест өткізу пункттері.

Өткізу мерзімі:

  • Өтініш қабылдау — 10 наурыз -10мамыр
  • Тестілеу — 20 маусым — 01.шілде.

ҰБТ нәтижесіне көңілі толмаған түлек 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында қайта тапсыра алады.

Жаңа ҰБТ-ның сынамасын Ұлттық тестілеу орталығының сайтында оналйн түрде тапсыруға болады. Сондай-ақ, сайтта тест сұрақтарының үлгілері бар.

Дереккөзzakon.kz