ҰБТ-ның үшінші күніндегі нәтижелер қандай?

Қазақ тілінде -13 569, орыс тілінде — 4081 адам тест тапсырды. ҰБТ 58 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

Тәртіп бұзғаны үшін 3 адамның аудиториядан шығарылғаны, ал олардың жауаптары жойылғаны айтылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінде 16071 тыйым салынған заттар алыныпты. Орташа балл — 79,20.

Биыл ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 — қазақ тілінде және 23618 — орыс тілінде.

ДереккөзTengrinews.kz