ОҚО-да бес жүзден астам талапкер 100-ден артық балл жинады

ҰБТ-ның алғашқы күнінде, 20 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында талапкерлер тестілеуден орташа көрсеткіш бойынша 72,3 балл жинады.

Өңір бойынша кеше 4 266 бітіруші тест тапсырды. Оның 514-і 100 балдан жоғары жинаса, ең жоғары 137 балды Шымкент қаласы, «Болашақ» мектебінің оқушысы Исатай Біржан жинады. Ал, 136 балды Шымкент қаласы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Жолдасбекова Айгерім Дастанбекқызы жинап отыр.

Бірінші  күнгі сынақтың қорытындысы бойынша облыстағы орташа балл көрсеткіші:

Шымкент және Сайрам — 75,5 балл;

Қазығұрт — 74,3 балл;

Түлкібас — 72,7 балл;

Созақ — 70,6 балл;

Сарыағаш -70,4 балл;

Бәйдібек — 70,2 балл;

Мақтарал — 67,03 балды көрсетті.

Тестілеу кезінде ҰБТ қағидаты талаптарының бұзылуы орын алмаған.

ОҚО бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 32964 оқушы аяқтаса, оның 21668-і жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсыруға ниет білдірген. Яғни,78,2 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

ДереккөзInform.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз