«Алтын белгiге» үміткерлер ҰБТ-дан босатылмайды

 

«…«Алтын белгi» иегерлерiн және түрлi конкурстар мен олимпиадалар, ғылыми жобалардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн ҰБТ-дан босату ұсынылды. Бiз бұл ұсынысты қолдамадық. ҰБТ-ны бәрi тапсыруы керек деп есептеймiз», — дедi Ерлан Сағадиев.

Тек жоғары оқу орнына түсер кезде бiрдей балл болған жағдайда, мемлекеттiк грант «Алтын белгi» иегерiне берiледi.

Еске сала кетейік, 2017 жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта өтедi. Мектепте оқушылар емтихан тапсырып, қорытынды аттестациядан өтедi. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу тапсырады. 

 

Дереккөзbaq.kz