ҰБТ 2017: ең жоғарғы көрсеткіш — 140 балл

ҚР Білім және Ғылым министрлігі ҰБТ-ның жаңа форматын бекітті. 2017 жылдан бастап түлектер мектеп бітіргені туралы аттестат пен «Алтын белгі» алу үшін өз мектептерінде емтихан тапсырып, ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырады.

Қорытынды аттестация

Қорытынды аттестация мектепте тапсырылады. Мерзімі, шамамен, 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Ол 5 пән бойынша өтеді:

Қорытынды аттестация

Жазбаша және ауызша емтихандар мен тесттің жауап парақтарын мектептердегі емтихан комиссиясы тексереді.

ҰБТ-ның жаңа форматы

ҰБТ-ның жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен 30 тапсырма.

Міндетті пәндер:

  • Математикалық сауаттылық;
  • Оқу сауаттылығы;
  • Қазақстан тарихы.

Сауаттылық тапсырмалары талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау сияқты дағдыларын тексеруге бағытталған. Оның ҰБТ-ға енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, салыстыруға және тұжырымдауға қажет деп табылуында.

Бейіндік пәндер:

  • Математика + Физика;
  • Математика + География;
  • Биология + Химия;
  • Биология + География;
  • Шет тілі + Тарих;
  • Оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет  + Тарих;
  • География + Шет тілі;
  • Химия + Физика;
  • Тарих + Адам.Қоғам.Заң;
  • Шығармашылық емтихан.

Бейінді пәндер бойынша ұсынылған тапсырмалар 2 түрлі. Әр пәннің 20 сұрағында бес жауаптың ішінде 1 ғана жауабы дұрыс болса, қалған 10 сұрағының бірнеше жауап нұсқасы бар, оның бірнешеуі дұрыс жауап болады. 

Тестке бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарды енгізудегі мақсат — оқушылардың тест сұрақтары мен жауаптарын тек жаттап алып, немесе болжау арқылы белгілеуіне тосқауыл болады.

Жаңа ҰБТ-ның тапсырмалары қандай болатыны осы жылдың желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.

ҰБТ-ның жаңа форматы

ҰБТ-да жалпы саны 120 сұрақ қойылады. Оны шешуге 3 сағат 30 минут уақыт беріледі.

  • Ең төменгі шек – 50 балл;
  • Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл

ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш 2017 жылдың 10 наурызынан 10 мамырға дейін қабылданады.  ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық.

Сондай-ақ, ҰБТ-дан өте алмай қалғандар үшін ақылы тапсыру мүмкіндігі ұсынылған. Ол 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі.

«Алтын белгі» иегерлері, республикалық және халықаралық олимпиадалардың,  ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылмайды. Алайда, тапсырған тест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде  басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, 5 халықаралық олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы гранттар бөлінеді.

ҰБТ бейіндік пәндер

Айта кетейік, түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі.

ДереккөзҚР БҒМ сайты
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз