Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" ауа райының қолайсыздығына байланысты қай өңірлерде ескерту жарияланғанын хабарлады.
12 материал
"Қазгидромет" ауа райының қолайсыздығына байланысты қай өңірлерде ескерту жарияланғанын хабарлады.
Наурыздың 2-сінде Қазақстанның көп бөлігі жоғары қысым ықпалында болады, соған байланысты өңірлерде күн жауын-шашынсыз болады.
"Қазгидромет" ауа райының қолайсыздығына - жауын-шашын мен күшті желге байланысты қай өңірлерде ескерту жарияланғанын хабарлады.
Атлантика циклонының жырасы еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа райының құбылмалы болуына ықпал етеді.
Еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы мен батысында қар аралас жаңбыр жауады, орталық, шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады.
Синоптиктер алдағы аптада қар жауып, боран соғуына байланысты автокөлік жолдарында жағдай нашарлайтынын хабарлады.
Солтүстік Орал үстіндегі циклон жырасының ықпалынан еліміздің көп өңірінде қар жауады, әсіресе қар оңтүстік-батыста толас таппайды.
Синоптиктердің болжамы бойынша 3 күн бойы ауа райы өзгермейді, көп облыстың аумағында қар жауып, боран мен күшті жел соғады.
Атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бүкіл аймағында ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарында күн күрт суиды, топырақ бетіне ызғар түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту жарияланды.